26.07.2017, 19:18 4267

"Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалініӊ жабылуына голливуд жұлдызы, актер, продюсер және режиссер Джон Малкович қатысады

Танымал актер Джон Малковичтіӊ бұл Қазақстанға осымен екінші рет келуі. Алғаш рет ол Алматыдағы Қазақстан-АҚШ кинофестиваліне келген болатын.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы Н.И.Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайына танымал голливуд жұлдызы, актер, продюсер және режиссер Джон Малкович келді.

Актерді халықаралық әуежайдан ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов пен "Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалініӊ президенті Айман Мұсақожаева күтіп алды.

"Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалі жұмысын одан әрі жалғастыруда. Кинофестивальге 101 фильм қатысып отыр. Ал, жалпы 296 картина осы фестивальге әкелінді. Кинофорумға танымал голливудтық жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан Броуди қатысқан болатын. Ал, қазір танымал голливудтық актер Джон Малкович арамызға қосылды. Ол кинофестивальдіӊ жабылу салтанатына қатысып, жеӊіске жеткен қатысушыларды марапаттайтын болады,- деді өз сөзінде Айман Мұсақожаева.

Танымал актер Джон Малковичтіӊ бұл Қазақстанға осымен екінші рет келуі. Алғаш рет ол Алматыдағы Қазақстан-АҚШ кинофестиваліне келген болатын.

"Мен Алматыда 2010 жылы болдым. Ал, биыл алғаш рет "Еуразия" кинофестиваліне қатысатыныма өте қуаныштымын. Айта кету керек, мен қазақ киносы жөнінде өте аз білемін. Алайда, Ермек Шынарбаев сияқты қазақстандық танымал кинорежиссерлермен бірнеше рет кездескен болатынмын. Ол мен қатысқан фестивальде өз фильмін ұсынған". - дейді голливуд жұлдызы Джон Малкович.

"Еуразия" кинофестивалі 2017 жылдыӊ 22- шілдесінен 28-іне дейін жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны