04.07.2018, 15:33 3796

"Еуразия" кинофестиваліне "Қазақфильмніӊ" 10 бірдей картинасы қатысып отыр

Бұл жылы бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Олардыӊ ішіндегі "Халыралық байқау" мен "Қысқа метражды фильмдер байқауы" конкурстық. Бұл бөлімдерге сәйкес киностудия атынан толық метражды "Иміре" (Джефф Веспа) мен қысқа метражды "Тығылмақ" (Венера Қайыржанова) бақ сынап отыр.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today -ХІV халықаралық "Еуразия" кинофестивалініӊ конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларына Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ 10 фильмі қатысып отыр.

Бұл жылы бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Олардыӊ ішіндегі "Халыралық байқау" мен "Қысқа метражды фильмдер байқауы" конкурстық. Бұл бөлімдерге сәйкес киностудия атынан толық метражды "Иміре" (Джефф Веспа) мен қысқа метражды "Тығылмақ" (Венера Қайыржанова) бақ сынап отыр.

XIV "Еуразия" ХКФ-ніӊ негізгі конкурсына қазақстандық картиналардан өзге мынадай фильмдер де қатысады: режиссер Ян МинМинніӊ "Қыздар әрдайым бақытты" (Қытай), режиссер Алексей Федорченконыӊ "Аннаныӊ соғысы" (Ресей), режиссер Мари Гарельвайстыӊ "Сауық кеш аяқталды" (Франция), режиссер Хидже Джонгтыӊ "Автостоп" (Оӊтүстік Корея), режиссер Мариям Хатчанидіӊ "Деде" (Грузия), Бану Сивачидіӊ "Көгершін" (Түркия), режиссер Рашид Маликовтыӊ "Табандылық" (Өзбекстан), режиссер Елизавета Стишованыӊ "Сүлеймен тау" (Ресей, Қырғызстан, Польша), режиссер Джанис Нордстыӊ "Иттіӊ атасы жоқ" (Латвия, Польша, Литва, Россия), режиссер Светислав Драгомировичтіӊ "Көкжиектер" (Сербия), режиссер Милко Лазаровтыӊ "Ага" (Болгария, Германия, Франция). Халықаралық конкурсқа барлығы 12 толық метражды картина және қысқа метражды фильмдер конкурсына 35 картина бәсекеге түседі.

Негізгі конкурстыӊ қазылар алқасыныӊ құрамында режиссер, сценарист және продюсер Ван Сяошуай, продюсер Амир Эсфандиари, кинофестивальдерді ұйымдастырушы және бағдарлама құрушы Питер Скарлет, "Оскар" сыйлығыныӊ иегері Габриэлла Кристиани, режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов бар. Ал қысқа метражды картиналардыӊ қазылар алқасыныӊ құрамына әйгілі түрік режиссері Семих Капланоғлы, қазақстандық актриса Самал Есләмова, америкалық оператор Хиро Нарита, сербиялық актер Милош Бикович, сингапурлық өнер кураторы және режиссер Джереми Чуа кіреді.

Биылғы және өткен жылдардағы түркі тілді халықтардыӊ 10 үздік картинасы іріктелген конкурстан тыс "Керуен" бағдарламасында Болат Қалымбетовтіӊ "Талан" және Қуат Ахметовтіӊ "Аруақ" көркем фильмдері көрсетіледі.

Киностудия "Еуразия жүрегінде" бағдарламасына Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазыныӊ "Мұзбалақ" және Адай Ибілдиновтіӊ "Күлтегін" толық метражды жаӊа анимациялық картиналарын ұсынған.

Бұдан бөлек, осы жылы прокатқа шыққан Беграс Елубайдыӊ "Оазис" және Елжас Рахымбековтіӊ "Elfreeman" көркем фильмдері көрсетіледі.

Сондай-ақ, "Объектив" деректі фильмдер бөлімінде Владимир Тюлькинніӊ "13 километр" және Анвара Садықова мен Ғазиз Насыровтыӊ "Қазақ биі" филмьдері де бар.

XIV халықаралық "Еуразия" кинофестивалі "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және елордамыздыӊ 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында 2018 жылдыӊ 1 шілдесі мен 7 шілдесі аралығында іске асып жатқандығын естеріӊізге саламыз.

ХIV "Еуразия" ХКФ-ніӊ аясында көрсетілетін Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы фильмдерініӊ көрсетілім графигі:

07.07.2018

17:00

НЕГІЗГІ БАЙҚАУ

"Имре" реж. Д. Веспа, Қазақстан

90 мин

CHAPLIN CINEMA MegaSilkWay СОО

07.07.2018

10:30

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

"Мұзбалақ" реж. Т. Майдан, Т. Төлеуғазы

Қазақстан

60 мин

CHAPLIN CINEMA MegaSilkWay СОО

06.07.2018

10:30

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

"Оазис" реж. Б. Елубай,

Қазақстан

88 мин

CHAPLIN CINEMA MegaSilkWay СОО

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

07.07.2018

10:30

"Elfreeman" реж. Е. Рахымбеков,

Қазақстан76 мин

CHAPLIN CINEMA Хан Шатыр СОО

05.07.201817:00

КЕРУЕН

"Талан" реж. Б. Қалымбетов, Қазақстан

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA MegaSilkWay СОО

04.07.2018

17:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

"Мұзбалақ" реж. Т. Майдан, Т. Төлеуғазы

Қазақстан

60 мин

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA Хан Шатыр СОО

04.07.2018

17:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

"Талан" реж. Б.Қалымбетов

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA Хан Шатыр СОО

07.07.2018

14:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

"Күлтегін" реж.

Қазақстан

60 мин

CHAPLIN CINEMA Хан Шатыр СОО

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны