02.12.2018, 13:52 4186

Еуразия ұлттық университетінде "Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар" атты көшпелі қор көрмесі ашылды

Елбасы кітапханасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне арналған "Тұӊғыш" көшпелі экскурсиялық жобасыныӊ тұсаукесер рәсімін өткізді.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 26 қарашада Елбасы кітапханасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне арналған "Тұӊғыш" көшпелі экскурсиялық жобасыныӊ тұсаукесер рәсімін өткізді.

Елбасы кітапханасыныӊ "Тұӊғыш" көшпелі экскурсиялық жобасы Мемлекет басшысыныӊ жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананыӊ бірегей қорларын насихаттап, келушілерді Н. И. Назарбаевтыӊ өмір жолы мен қызметімен таныстырады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары Имірхан Рахымжанов пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықов, қала тұрғындары, жоғары оқу орындарыныӊ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Салтанатты іс-шара ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрініӊ шағын концерттік бағдарламасымен ашылды.

-Бүгін алғаш рет Елбасы кітапханасыныӊ көшпелі көрмесі мен "Тарихи таӊдау" ғылыми-экспозициялық жобасыныӊ аясындағы қоғамдық-саяси тақырыптағы көшпелі экскурсияларымызды, Еліміздіӊ үлкен бір білім ордасы саналатын Еуразиялық Ұлттық университетінде ашқалы отырмыз.Аталған көрменіӊ де көшпелі экскурсиямыздыӊ құнды материалдары осы университетіміздіӊ ұстаздары мен студенттеріне арнайы рухани тұрғыдан берері аз болмас деп сенемін. Құр қол келмей, халқымыздыӊ жоралғысы бойынша Мемлекет басшысыныӊ еӊбектері мен ол туралы жазылған шығармалардан тұратын кітаптар коллекциясын сый ретінде ала келдік.100-ден астам кітаптан тұратын коллекцияныӊ құрамында Елбасымыздыӊ бұған дейін әлем тілдерінде жарық көрген еӊбектері мен Президенттіӊ өмірі мен қызметін қамтитын, "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" деп аталатын туындылар да бар. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы" "Таӊдамалы сөздер" деп аталатын көптомдық та тәуелсіздігіміздіӊ шежіресі ретінде әр кітапхананыӊ ғана емес, әр басшы мен ғылыми ізденісте жүрген әрбір азаматтыӊ әсіресе студент-жастардыӊ үй кітапханасынан орын алатын еӊбектер деп ойлаймын. Елбасымыздыӊ парасатты пайымдаулары мен ой-толғаныстарынан тұратын "Ұлы дала ұлағаттары" деп аталатын кітаптар, тағы басқа туындылар да ойлы оқырманды ешқашан енжар қалдырмайтын еӊбектер екені ақиқат,-деді Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор Имірхан Рахымжанов.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықов аталмыш іс-шарамен қатар "Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар" көшпелі қор көрмесініӊ де ашылуын жақсылыққа балады.

-Қазақстан Республикасыныӊ Президенті күні қарсаӊында Елбасы кітапханасы оқу орнымызға "Тұӊғыш" атты бірегей көрме әкеліп, жалпы білім саласына серпін бергелі тұр.Ұлт көшбасшысы айқындағандай, "Тәуелсіздік дәуірі" - заман айнасы. Қазақстан үшін оныӊ әрбір жеӊісі Елбасы есімімен байланысты. Сондықтан ашылғалы отырған "Тұӊғыш" көрмесі - жоғары мектеп үшін, профессор-оқытушылар мен білім алушылар үшін нағыз өмірлік оқулық болғалы тұр. "Тұӊғыш" көрмесініӊ "Күлтегін" атриумынан басталуыныӊ да рәміздік мәні бар. Өйткені, бұл жәдігерлік те Елбасы ыждағатыныӊ арқасында ғана Астанаға, елорданыӊ бас университетіне дер кезінде жеткізілді. Бұйырса, бұл көшпелі көрмені 24 мыӊдық ұжымымыз және елорданыӊ басқа да білім мекемелері тамашалайтын болады, -деп атап өтті Ерлан Сыдықов.

Көрмеде Мемлекет басшысына ерен еӊбегі мен жаһандық бастамалары үшін берілген қоғамдық наградалар кешені ұсынылды. Экспозицияда алғаш рет Еуропа, Америка және Азия елдерініӊ беделді жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен тарту етілген 25 мантия қойылды.

Университет аудиторияларында Ұазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті Елбасы туралы деректі фильмдер көпшілік назарына ұсынылды. ЕҰУ ҚР Тұӊғыш Президентініӊ аудиториясында профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарға, іс-шара қонақтарына арнайы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрініӊ концерті өтті. Президенттік оркестр құрамында жемісті еӊбек етіп жүрген үрмелі оркестр, халық ансамблі, камералық музыка ансамблі, ән мен эстрада ансамблі, сондай-ақ би ансамблі сынды ұжымдар қалыӊ жұртшылыққа өнерлерін паш етті.

"Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар" көрмесі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдыӊ 20 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны