19.05.2017, 15:49 6474

Еуразия Ұлттық университетіне Сауд Арабиясыныӊ ханзадасы келді

Еуразия ұлттық университеті мен Патша Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға .Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Сауд Арабиясыныӊ ханзадасы Турки ибн Фейсал Аль Сауд қол қойды.

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не Сауд Арабиясыныӊ ханзадасы Турки ибн Фейсал Аль Сауд келді.

Еуразиялықтардыӊ ханзадамен кездесуі Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ өмірбаяны туралы кітабыныӊ тұсаукесері өткен қазақстандық делегаттардыӊ (Делегацияны ҚР Президенті кеӊсесініӊ басшысы, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасыныӊ директоры м.а. Махмұд Қасымбеков басқарды) Сауд Арабиясына іссапарыныӊ нәтижесінде ұйымдастырылып отыр.

Кездесу барысында ЖОО студенттері мен оқытушыларына Турки ибн Фейсал Аль Сауд мырза араб әлемі мен Орталық Азия арасындағы мәдени-тарихи байланыстар тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара аясында Турки ибн Фейсал Аль Саудтыӊ әкесі, Сауд Арабиясыныӊ патшасы аль-Фейсал туралы кітаптыӊ тұсаукесері өтті. "Аль-Фейсал: куәгер және азаптанушы" атты кітап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қолдауымен қазақ және орыс тілдеріне аударылып, басып шығарылды.

Кітаптыӊ тұсаукесері Патша Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейініӊ ұйымдастыруымен "Аль-Фейсал: куәгер және азаптанушы" көшпелі көрмесі аясында өтеді.

Еуразия ұлттық университеті мен Патша Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға .Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Сауд Арабиясыныӊ ханзадасы Турки ибн Фейсал Аль Сауд қол қойды.

Меморандумға сәйкес екі елдіӊ ғалымдары мәдениет, ғылым мен білім беру саласында Қазақстан - Сауд Арабиясы қарым-қатынасын дамыту мақсатында ислам және гуманитарлық ғылымдар салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуда жұмыс атқаратын болады.

Анықтама үшін.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды. Екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық әр түрлі салаларда дамып келеді. Сауд Арабиясы еліміздіӊ инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысты. Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенаты ғимараты, Астана қаласындағы кардиоорталық, Осакаровка-Вишневка көлік жолы, Петропавл қаласындағы мешіт және т.б. жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны