07.09.2007, 17:20 2788

Еуразиялық даму банкі Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысуға қызығушылық танытып отыр - Игорь Финогенов

Еуразиялық даму банкі Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысуға қызығушылық танытып отыр.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. БІШКЕК. Еуразиялық даму банкі Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы жұмада қырғыз-ресей бизнес-форумында сөз сөйлеген банк басқармасының төрағасы Игорь Финогенов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Еуразиялық банк үшін Нарын өзеніндегі 1-ші және 2-ші Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысу аса қызығушылық танытады",- деді Игорь Финогенов.

Еуразиялық даму банкінің басшысының айтуынша, Қамбар ата су электр станциясын салу "интеграциялық процесстердегі маңызды оқиға" болып табылады. Игорь Финогенов, су электр станциясын салу барысында алынған тәжірибе аймақтағы басқа да суэнергетикалық нысандар салу барысында қолданылуы мүмкін. "Біз бұл жобаны Орталық азиядағы бай энергетикалық әлеуеттілікті игерудегі пилоттық жоба ретінде қарастырамыз",- деп түсіндірді Игорь Финогенов.

Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Игорь Финогенов, банктің сондай-ақ Қырғызстанның транспорттық инфрақұрылымын дамытуға да қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. Атап айтқанда, банк сарапшылары қазір Алматы - Ыстық көл тасжолын салу жобасына қосылудың мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қырғыз-ресей форумы өз жұмысын Ыстық көлдегі пансионаттардың бірінде бастаған. Оған Ресей мен Қырғызстанның 200-ге жуық белгілі компаниялары, сондай-ақ екі елдің ірі шенеуніктері қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық даму банкін Ресей мен Қазақстан 2006 жылдың қаңтарында ЕурАзияЭ мүше мемлекеттердің нарық экономикасын дамытуға көмек үшін құрған болатын. Еуразиялық даму банкінің жарғылық капиталы 1,5 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны