23.04.2009, 15:36 2746

Еуразиялық медиафорум - әлемдік деңгейдегі бірегей алаң болып табылады - Панарин

Еуразиялық медиафорум - әлемдік деңгейдегі бірегей алаң болып табылады - Панарин

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еуразиялық медиафорум - әлемдік деңгейдегі бірегей алаң болып табылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорум аясындағы бірінші отырыста Ресей Дипломатиялық академиясының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Игорь Панарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Еуразиялық медиафорум - әлемдік деңгейдегі бірегей алаң болып табылады", - деді И.Панарин.

"Оны кең ауқымды көзқарасына қарай "Өрткениеттер диалогы" қоғамдық форумымен салыстыруға болады. Бірақ бұл жерде медиа-қоғамдастықтың өкілдері көп жиналады, осы тұрғыдан алғанда мұндай алаңның баламасы жоқ", - деді ол.

И. Панарин сонымен бірге "мұндай алаңды құра алу - тек Қазақстанның ғана емес, жалпы дүниежүзінің жетістігі", деп атап өтті.

Бұған қоса ол Еуразиялық медиафорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның рөлін де жоғары бағалады.

Еске сала кетейік, "Өрткениеттер диалогы" әлемдік қоғамдық форумы - тәуелсіз, бейресми, коммерциялық емес ұйым, ол Австрияда тіркелген. Илемдік қоғамдық форумның бас кеңсесі Ресейде, Мәскеуде орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны