20.04.2007, 10:17 2829

Еуразиялық МедиаФорум өз жұмысын жалғастыруда

АЛМАТЫ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық МедиаФорум өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуразиялық МедиаФорумға қатысушылар "Ядролық бағдарлама дербестік құқығы немесе қатерлі менмендік", "Құбыр саясатының ерекшелігі", "Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі - "иә" және "қарсы", "Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың саясаты" тақырыптарында екінші күн пікір таластыруда.

Талқылауларға Қазақстан Республикасының парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Америка кәсіпкерлік институтының ғылыми қызметкері Ричард Перл және басқалар қатысады.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы медиафорумға әлемнің 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Изербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны