30.06.2011, 17:00 7335

Еуро-3 экологиялық деңгейін енгізу мерзімі 2012 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне Евро-3 экологиялық кезеңін енгізу мерзімдері бойынша бұдан бұрын қабылданған қаулыға өзгертулер енгізу жөнінде қаулы жобасын енгізген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Еуро-3 экологиялық деңгейін енгізу мерзімі 2012 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне Евро-3 экологиялық кезеңін енгізу мерзімдері бойынша бұдан бұрын қабылданған қаулыға өзгертулер енгізу жөнінде қаулы жобасын енгізген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Аталған жоба заңды және жеке тұлғалардан 3-экологиялық кезеңін енгізу мерзімін 2011 жылғы 1 шілдеден кейінірек ауыстыру жөнінде көптеген өтінімдер келіп түсуіне байланысты жасалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №737 қаулысымен 3-экологиялық кезеңін енгізу мерзімі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны