28.09.2007, 13:27 3480

Еуроодақ Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жұмыстарына қатысуда

Еуроодақ Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жұмыстарына қатысуда

Астана. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында 26 және 27 қыркүйек күндері Еуроодақ қолдауымен "Интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі мәселелері" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасындағы Еуропа комиссиясы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел қазақстандық Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау комитетімен бірлесе Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша жобаны іске асырудың екінші кезеңі шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

"Кездесу кезінде Еуроодақ пен Қазақстанда интеллектуалдық меншік құқығын қорғау саласында заңнама мен тәжірибедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар мәселелері кеңінен талқыланды. Пікірталастың басты кезеңдерінің бірі - интеллектуалдық меншік құқығын қорғау режимі мен тәжірибелік әдістер, сондай-ақ, реттеудің азаматтық, қылмыстық және кедендік шаралары", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Халықаралық сарапшылар мен Еуроодақ сарапшылары қазақстандық әріптестерімен бірге Еуроодақ мүшесі болып табылмайтын елдерде зияткерлік меншік құқығын қорғау үшін пайдаланылатын Еуроодақ стратегиясы мен тәжірибелік шараларды қарастыры.

Сонымен қатар, қазақстандық әріптестер интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың жекелеген аспектілері, мысалға алғанда, программалық қамтамасыз етуді қорғау, пираттық компакт-дискілермен күрес кабельдік телеарна Еуроодаққа мүше мемлекеттерде қалай реттелетіні жөніндегі нақты көріністі тамашалады.

Келесі апта көлемінде, қазанның 1 мен 5 аралығында еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі алдында авторлық құқықты қорғаудың аспектілерін жіті талқылау мақсатында қазақстандық Сауда саясатын дамыту орталығы мен басқа да қызығушылық танытқан ведомстволар мен министрліктердің өкілдерімен кездесу өтпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны