23.01.2007, 11:11 2691

Еуроодақ қазақстандық ғалымдарды 2007-2013 жылдары ғылыми- техникалық ынтымақтастық аясына тартпақ

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. Kazakhstan Today. Еуроодақ өзінің ғылым мен техниканы дамытуға байланысты Жетінші негіздемелік бағдарламасына сәйкес (7-th Framework Program, FP7) қазақстандық ғалымдарды ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясына тартпақ. Бағдарлама 2007-2013 жылдарға есептелген. Бұл туралы Қазақстанның FP7-ге қатысуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы Еуропалық Комиссия делегациясының басшысы Адриан ван дер Меер мәлімдеді.

Осы аптада біз бірқатар кездесулер мен шаралар өткізбек ойымыз бар. Онда біз Алматы мен Астанадағы ғалымдар қауымына және ғылым саласында маңызды шешім шығаратындарға бағдарлама туралы ақпарат таратып, Қазақстан ғылымының алдында қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғаны жайынан хабардар болып, Еуропа мен Қазақстан арасында осы салада болашақта қандай деңгейде ынтымақтастық орнайтындығы жайында түсіндірмекшіміз",-деді Адриан ван дер Меер мырза.

Өз кезегінде Еуропалық комиссиясының ғылыми директоратының халықаралық ғылыми ынтымақтастық саясаты бөлімінің жетекшісі Даниэль Декутюр Қазақстандық әріптестерінің қазіргі кезде елдер арасында диалог орнату мен ғылым және техника саласындағы нақты ынтымақтастыққа қаншалықты дайын екендігін білмекші.

Ғылыми-техникалық дамудың деңгейі қандай екендігін басты министрлер мен университет ректорларының өз ауыздарынан естіп білген өте маңызды",-деді Д.Декутюр. Оның айтуынша, Қазақстандағы саладағы басымдықтар Қазақстан мен ЕО мүше елдер арасында қажетті ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасалған кезде ғана ЕО назарына іліге алмақ".

Сонымен қатар, FP7 ғылыми- техникалық даму жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Камила Мағзиева "отандық ғылым үшін қазір мемлекетімізге айрықша маңызды барлық тақырыптық бағыттарға қатысудың бірегей мүмкіндігі туып тұр", деді.

Д. Декутюрдың айтуынша, мұндай бағыттар арасында қоршаған орта, энергия, денсаулық, азық түлік, ауыл шаруашылығы мен биотехнология және т.б мәселелер бар. Жалпы алғанда FP7 басымдықтарының арасында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды қосқанда тоғыз бағыт бар.

Kazakhstan today агенттігі тілшісінің бағдарламаға жас ғалымдардың қатысу мүмкіндіктері туралы сауалына жауап берген Д. Декутюр мырза "еуроодақ жас ғалымдардың ЕО елдерінде болуы және оқуына 2 жылға дейін мерзімде қаржы қарастырған", деді. Сонымен қатар, Д. Декутюр бағдарламаның екінші ерекшелігі ретінде жас ғалымдардың жұмыс істеген зертханаларынан өз елдеріне қайту мүмкіндігін туғызатын қаржы қарастырылғандығын атады.

"Өйткені Еуропалық комиссиясының бұл бағдарламадағы мақсаты - мемлекеттен ең қажет мамандардың кетпеуін қадағалау. Еурокомиссия таңдаулы мамандардың (былайша айтқанда "милардың") өз елінен кетуін қолдамайды, олармен тек ынтымақтасқанды қалайды, ",-деді ол.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пайымдауынша, Жетінші негіздемелік бағдарлама - осыған дейінгі алты бағдарламаның жалғасы. Олардың алғашқысы 1987 жылы жарияланған болатын. FP7 2007-2013 жылдар аралығында жүзеге асырылмақшы. Оның бюджеті 54 млрд евроны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны