24.08.2006, 09:51 2980

Еуроодақ Семейді қалпына келтіруге және үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған бір қатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіруде

СЕМЕЙ . 24 тамыз. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ жақын арада Семей өңірінде аймақты қалпына келтіруге және үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған үш жобаны жүзеге асырмақшы. Бұл жөнінде Семейге келген Еуроодақ елшісі- Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Еурокомиссия өкілдігінің басшысы Адриан ван дер Меер мәлімдеді.

"Біз Семей өңірін әдейі таңдап алдық, себебі мұнда бұрын жүргізілген ядролық сынақтардан экономикаға нұқсан келгенін жақсы білеміз. Біз ұсынып отырған жобаның біреуі жер асты сынақтарынан жараланған аймақты қалпына келтіруге арналған",-дейді дипломат. Тағы екі жоба үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге бағытталған. "Осы жобалардың бірі сайлау кампанияларына қатысты, екіншісі осы аймақта азаматтық қоғамды дамытуға , мәселен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға арналған",-деп түсіндірді елші.

Елшінің айтуынша, Еуроодақ осы өңірде болашақта жалпы сомасы 3 млн евроны құрайтын 29 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. "Біз 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламамызды жоспарлай бастадық",- дейді . Адриан ван дер Меер
"Семейге сапары барысында осы жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы толық ақпарат алмақ" ниетте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны