25.05.2007, 14:12 3206

Еуропа елдері экология министрлерінің кеңесі Астанада 2011-жылы өтеді

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Еуропа елдері экология министрлерінің кеңесі Астанада 2011-жылы өтеді. Бұл туралы бүгін республиканың қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа отырысында мекеме жетекшісі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еуропа елдері экология министрлерінің тұрақты даму жөніндегі жетінші бас қосуын Астанада 2011-жылы өткізу межеленген",- деді министр.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, "Алматыда өткен ЭСКАТО сессиясында Азия және Тынық мұхиты аймағының экология министрлерінің кеңесін 2010-жылы Астанада өткізу туралы Қазақстанның бастамасына қолдау білдірілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны