11.06.2018, 16:48 6496

Еуропа Күні 2018: Еуроодақ Астанада эксклюзивті көйлектер көрмесін ашады

"Еуропа-Қазақстан: өнер мен мәдениет тоғысуы" көрмесі 22 маусымға дейін өткізіледі, ал Астанадан кейін Париж, Брюссель және басқа Еуропа қалаларына жол тартады.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - Астанада 12 маусым күні "Еуропа күнін" өткізу шеӊберінде ҚР Ұлттық Музей қабырғасында "Еуропа- Қазақстан: өнермен мәдениет тоғысуы" атты Ламин М дизайнердіӊ көйлектер көрмесініӊ ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі ҚР Ұлттық Музей, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Альянс Франсез қолдауымен ұйымдастырады. Іс-шара Қазақстандағы Еуропа күні, Еуропалық Одақ-Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардыӊ 25 жылдығы және 2018 жылы Еуропаныӊ мәдени мұра жылын атап өтуіне орай ұйымдастырылған.

Көрмеде француз дизайнері-стилист Ламин М мен қазақстандық дизайнерлер бірлесіп әзірлеген биіктігі шамамен төрт метрге жететін көйлек нысандарыныӊ коллекциясы ұсынылады. Қазақстандық дизайнерлердіӊ ішінде - Ерлан Жолдасбеков (YERLAN ZHOLDASBEK бренді), Гаухар Ахметова (KIORI бренді), Эльмира Mаемерова (MIREL МАРАТ бренді), Жарқын Баймаханов (JARKYN BAIMAKHANOV бренді), Алексей Чжэн, Лария Джакамбаева (ONE-TO-ONE бренді), Тамара Ламанукаева (TAMARA LAMANUKAEVA бренді).

Алғаш рет "Еуропа: бірлік - сан алуандылықта" атты көйлек нысаны көрермендерге ұсынылады. Ол -Ламин М мен қазақстандық дизайнерлердіӊ ортақжұмысыныӊ жемісі, көйлектіӊ соӊғы нұсқасы көрменіӊашылу салтанатында өтетін қойылым барысындақорытынды кейпінде ұсынылады.

Ламин М-ніӊ көйлектері - Еуропа мен Қазақстан арасындағы мәдени дәстүрлер мен жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар бірлігініӊ көріндісі. Осы орайда ЕуропалықОдақтыӊ ұраны "бірлік - саналуандылықта" екендігі орнықты. Еуропа бай мәдени мұрасымен қоса, новаторлық және қарқынды даму ұғымдарымен теӊеседі. Көрме бейбітшілік, демократия, ынтымақтастық сияқты еуропалық құндылықтарды бейнелеуге бағытталған. Еуропалық Одақ бастапқыда бейбітшілік пен қауіпсіздікті, даму мен ынтымақтастықтыӊ жобасы болуы кездейсоқтық емес. Жәдігерлердіӊ бірқатары қоршаған ортаны қорғау, тарихимұра мен естеліктерді сақтау сияқты өзекті әрі көкейкестімәселелерге назар аударуға арналған.

"Еуропа-Қазақстан: өнер мен мәдениет тоғысуы" көрмесі 22 маусымға дейін өткізіледі, ал Астанадан кейін Париж, Брюссель және басқа Еуропа қалаларына жол тартады.

Анықтама

Еуропа күні - Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын өтетін бейбітшілік пен бірліктіӊ мерекесі. Еуропа күні 9 мамырда аталып өтеді. Бүгінгі таӊда Еуропалық Одақ - бұл 28 мемлекеттіӊ экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа күні мерекесі Еуроодақтыӊ туы, әнұраны және бірыӊғай валютасы-еуромен бірге Еуроодақтыӊ бөлінбес нышандарыныӊ бірі болып табылады.

Ламин М Камерунда маталар саудагерініӊ отбасында дүниеге келді. Жастайынан ол шебер кескіштіӊ жұмысына құштар болатын. Содан бері киімдегі стиль, сұлулық және үйлесімділік идеялары оныӊ жадында. Коллекция суретшініӊ Қазақстандағы өнер резиденциясы, яғни Ламин М Қазақстанға алты рет сапар жасау нәтижиесіндегі екі жылдық жұмыс уақытында дайындалды. Қазақстан Еуропалық Одақ сияқты мультимәдениетті, ал мультимәдениеттілік Ламин М жобаларыныӊ айырылмас бөлігі. Бұрын дизайнер Франция патшалары жерленген Сен-Дени соборында "Ұлы патшалық көйлектер" атты бірегей жобаны іске асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны