17.09.2020, 23:08 6310

Еуропа мен Азия елдерінде індет қайтадан өрши бастады

"Індетті сәтті жеңіп шыққан Жаңа Зеландия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ Италия, Испания, Америка Құрама Штаттары сияқты кейбір елдерде өлім мен аурудың жоғары деңгейде болды", - деді Алмаз Шарман.

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еуропа мен Азия елдерінде індет қайтадан өрши бастады.

Профессор Алмаз Шарман алматылықтарды маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы айтып, алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды.

Профессор айтқандай, пандемия әр уақытта әр елде әр түрлі көрініс тапты.

"Індетті сәтті жеңіп шыққан Жаңа Зеландия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ Италия, Испания, Америка Құрама Штаттары сияқты кейбір елдерде өлім мен аурудың жоғары деңгейде болды", - деді Алмаз Шарман. Оның айтуынша, бұл оңтүстік жарты шардағы Аргентина, Чили, Оңтүстік Африка, Австралия сияқты елдердегі жағдай. Олар қыс мезгілінен аман өтіп, көктем мезгілі басталып жатыр.

Алмаз Шарман сонымен бірге адамзат қазір "ковидтенкейінгі жағдай" жаңа феноменімен бетпе-бет келіп жатқанын қосты. Covid-19-бен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады. Бұл әлсіздік, созылмалы шаршау синдромы, неврологиялық, жүрек және басқа белгілер.

"Бүкіл әлем дәрігерлері өте маңызды, кең ауқымды проблемаларға тап болды. Сондықтан, күзгі-қысқы маусымда және болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынын адамдар мұның бәрін байыпты қабылдауы керек. Жаңа індеттер Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінде пайда болады. Бұл күзгі кезеңге, күннің салқындауына байланысты. Қазір көп нәрсе біздің өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Біз арақашықтықты сақтап, маска тағып, жалпы гигиена ережелерін сақтауды жалғастырамыз. Сондықтан егер Қазақстанда эпидемияның екінші толқыны болатын болса, оның қаншалықты қауіпті болатыны тікелей өзімізге байланысты болмақ", - деді Алмаз Шарман.

Маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендетуі мүмкін - Алмаз Шарман алматылықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі COVID-19 індетінің өршуіне байланысты алматылықтарға бірқатар ұсыныстар айтты.

Алмаз Шарман барлық сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап, маска тағу мәселесіне ерекше назар аударды.

"Болашақта бұл (маска тағу) жаңа мәдениетке айналады. Әрине, көптеген адамдар үшін маска ыңғайсыздық тудырады. Бірақ соған қарамастан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пандемиядан бұрын көптеген адамдар маска тағып жүретінін көрдік. Көптеген халықаралық сарапшылар маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендете алатын өте маңызды фактор деп санайды. Сондықтан барлығына маска тағып жүруге кеңес беремін", - деді ол.

Сонымен бірге, профессордың айтуынша, маска тағу мәдениетін арттырып, дұрыс тағу керек. Ауызды ғана емес, мұрынды да жабу керек. Өйткені ауада жүретін вирустың мұрын мен көздің шырышты қабаттарына ену ықтималдығы жоғары.

"Маска, әрине, инфекциядан 100% қорғамайды.Бірақ вирустық жүктемені айтарлықтай төмендетеді, яғни маска арқылы енетін вирустар санын азайтады. Саны аз болса, ол ауруды тудырмайды. Бірақ иммундық қорғанысымызды күшейтуі мүмкін. Біз вирустың жоғары дозасына тап болған кезде иммундық жүйеміз дайын болады", - деп бөлісті ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны