13.05.2008, 17:03 2884

Еуропа мен Орталық Азияда көп қозғалмаудың кесірінен жыл сайын 600 мыңнан аса адам қайтыс болады

Еуропа мен Орталық Азияда көп қозғалмаудың кесірінен жыл сайын 600 мыңнан аса адам қайтыс болады

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жыл сайын әлем бойынша кемінде 1,9 миллион адам қажетті қозғалыстың жоқтығынан туындайтын аурулардан қайтыс болады. Илемдік денсаулық сақтау ұйымының(ИДСҰ) мәліметтері бойынша Еуропада, Орталық Азияда көп қозғалмаудың кесірінен жылына 600 мың адам қайтыс болуда, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

ИДСҰ сарапшылар атап өткеніндей, дене шынықтыру үшін жергілікті дәстүрлерге сәйкес келетін әрі пайдалануға ыңғайлы құралдар мен жағдайлар болуы шарт. Қозғалыстың белсенділігі адамдардың біліміне, олардың тұрып жатқан аудандарына, әлеуметтік дәрежесіне қарамастан, бәріне бірдей болуы керек.

ИДСҰ 2002 жылы "Қозғалыс- бұл өмір" атты халықаралық күнді белгіледі. Ол әлемдегі көптеген мемлекеттерде қозғалыстың адам денсаулығына, оның қуатты болуына пайдалы деген насихатпен 10 мамырда атап өтіледі.

Күніне 30 минуттық қозғалыс жұқпалы емес бірқатар аурулардың пайда болуының алдын алады.

Биылғы жылы ИДСҰ қозғалыс белсенділігі мәселесіндегі теңсіздік жайына ерекше назар аударды. Өйткені, көптеген елдерде спорт залдары мен клубтарға әркімнің баруға шамасы жетпе бермейтіні белгілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны