03.02.2012, 14:35 3490

Еуропада қатты аяз салдарынан 163 адам қаза тапты

Суықтан әсіресе Польша, Румыния, Болгария, Украина, Сербия, Босния мен Герцеговина ауыр зардап шегіп отыр. Бұл елдерде температура минус 30-дан төмен түсті. Украинада соңғы бір тәулікте аяздан 63 адам, Польшада 9 адам және Германияда екі адам үсіп, қайтыс болған. Құрбандардың көбісі баспанасыздар.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Еуропада қатты аяз салдарынан 163 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Еуропаның кейбір елдерінде қалың жауған қар әуе мен темір жол байланысында іркілістерге әкеліп, бірқатар елді мекендер электр қуатынсыз қалған.

Суықтан әсіресе Польша, Румыния, Болгария, Украина, Сербия, Босния мен Герцеговина ауыр зардап шегіп отыр. Бұл елдерде температура минус 30-дан төмен түсті. Украинада соңғы бір тәулікте аяздан 63 адам, Польшада 9 адам және Германияда екі адам үсіп, қайтыс болған. Құрбандардың көбісі баспанасыздар.

Сербия үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, қалың жауған қардың кесірінен 11 мың адам тұратын бірнеше елді мекендермен байланыс үзілген. Италияда жолаушы пойыздың электр желілері аяздан қатып, тежегіштері істен шыққандықтан, 600-ден аса адам пеші жоқ вагондарда қонуға мәжбүр болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны