01.02.2012, 12:16 3620

Еуропада күшті аяздың салдарынан 60 адам көз жұмды

Төтенше жағдай Украинада орын алды. Онда аяздың салдарынан шамамен 30 адам көз жұмды. Олардың көбісі панасыз қалған адамдар болатын. Демалыс күндері ауа температурасы 27 градусқа төмендеген Польша мемлекетінде 10 адам үсіп өлді, деп хабарлайды РБК.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс және Орта Еуропада күшті аяздың салдарынан 60 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдай Украинада орын алды. Онда аяздың салдарынан шамамен 30 адам көз жұмды. Олардың көбісі панасыз қалған адамдар болатын. Демалыс күндері ауа температурасы 27 градусқа төмендеген Польша мемлекетінде 10 адам үсіп өлді, деп хабарлайды РБК.

Сондай-ақ Болгарияда толассыз жауған қардың, боран мен күшті аяздың салдарынан 5 адам қаза тапты. Румынияда суықтан 4 адам көз жұмды. Қар мөлшерінің көп түсуінен кейбір елді мекендерде электр қуаты істен шықты. Жолдарды тазарту үшін біршама техника жұмылдырылып отыр.

Сонымен қатар осындай төтенше жағдай басқа да Еуропаның елдерінде, әсіресе Балқан өңірінде орын алды. Бұл мемлекеттерде ауа температурасы 20-25 градус суықтықты көрсетіп отыр. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, аяз кем дегенде бір аптаға жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны