Система Orphus

Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері Тәжікстанға келді

21.04.2008, 15:57 2678

Душанбе. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Тәжікстанға Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігініе сілтеме жасай отырып.

Тәжікстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдігінен хабарлағандай, бүгін делегация Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуді көздеп отыр. "Бұл кездесу, сондай-ақ, үкімет мүшелерімен, дипломатиялық ортамен және іскерлік қоғамдастық өкілдерімен болатын әңгіме елдегі экономикалық ахуалды талқылауға мүмкіндік береді", - деп есептейді өкілдіктегілер.

"Сонымен қатар, акционерлер Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырып отырған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысуды қалайды", - деп хабарлады банк өкілдігі.

Делегация құрамына Норвегия, Финляндия, Латвия, Жапония, Испания, Мексика, Германия, Словения, Бельгия, Люксембург елдерінің банк директорлары кірген. Делегация Душанбеден Ашхабадқа ұшып кетпекші.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің жобалары экономиканың энергетика, ауыл шаруашылығы, микроқаржыландыру, сондай-ақ, инфрақұрылым сияқты салаларын қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны