24.04.2008, 15:55 3452

Еуропалық одақ Астанада балалар құқын қорғау жобасын жүзеге асыра бастады

Еуропалық одақ Астанада балалар құқын қорғау жобасын жүзеге асыра бастады

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық одақ Астанада жаңа "Баланы қорғау" жобасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстандағы Еуропа комиссиясының өкілдігіне сілтеме жасай отырып. "Жоба бірқатар шараларды қамтиды. Оның ішінде Астана мен маңайындағы ауылдардың 25 мектебіндегі балалар, ата-аналар мен жауапты әлеуметтік қызметкерлерге заңдық және әлеуметтік психологиялық тренингтер бар. Жобаның жанынан қоғамдық ой-пікірлерге сауалнама жүргізу арқылы бала құқының бұзылу оқиғаларына мониторинг жүргізіледі. Барлық қызығушылық танытқандар тегін заңдық және психологиялық кеңес ала алады", - деп көрсетілген баспасөз релизінде.

"Осы шаралардың мақсаты қоғамды, балалар мен ата-аналарды балалар құқын қорғауға тарту", - деп көрсетілген хабарламада.

Еуропалық комиссияның өкілдігі барлық шаралардың бюджеті 50 000 евроны құрайтынын хабарлады. "Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығы" Қазақстанның қоғамдық ассоциациясы жобаны жүзеге асыруды өз мойнына алды.

Бүгін Астанада конференция ашылды. Онда Қазақстандағы бала құқын қорғау саласындағы проблемалар, осы саладағы заң жағдайы және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі талқыланады", - деп хабарлады Еуропалық комиссия өкілдігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны