12.03.2007, 19:21 3158

Еуропалық Одақ Еуразиялық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығын құрауға көмек көрсету жөніндегі жобаны аяқтады

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Еуропалық Одақ Қазақстанға Еуразиялық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығын құрауға көмек көрсету жөніндегі жобаны аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз осы жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстанға әкімшілік реформа жүргізуге көмек көрсете алатындығымызға қуаныштымыз",- деді бүгін ЕО жобасының ойдағыдай жүзеге асуының құрметіне қойылған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуында сөз алған Еуропалық Одақтың елшісі Адриан ван дер Меер. Ол сонымен қатар, ЕО Қазақстанға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге көмек көрсетуді н жалғастыра беретінін атап өтті. Аталмыш жоба 2007 жылдың аяғына дейін есептелген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбеков, Еуразиялық оқу орталығын ашу тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық еуразиялық кеңістік үшін де өте маңызды болып табылатындығын атап өтті. Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта орталықта 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер, соның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Изербайжан және Ресейде келген қызметкерлер білімдерін шыңдаған. Сонымен қатар З. Тұрысбеков, "орталықта барлық деңгейдегі барлық қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жобаланып отырғандығын", атап көрсетті.

Еуропалық Одақ Мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттікпен 1994 жылдан бері ынтымақтастық орнатқан. Атап айтқанда, Еуроодақ TACIS бағдарламасы аясында мемлекеттік реформалар жүргізуге көмек көрсеткен, 2003 жылдан бері Еуразиялық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығын құруға қолдау көрсетіп келеді. Аталған екі жобаның жалпы бюджеті 1 700 000 евроны құрайды. Еуропалық Одақ 2005 жылдың қазан айынан бастап жалпы бюджеті 1 600 000 евроны құрайтын "Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге көмек көрсету" жобасын іске асырып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны