13.05.2008, 10:14 1762

Еуропалық Одақ Еуропа күнін атап өтті

Еуропалық Одақ Еуропа күнін атап өтті

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 9 мамыр күні Еуропалық Одақ өзінің туған күнін атап өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөліміне сілтеме жасай отырып.

"Елу жылдық бірізді интеграция нәтижесінде Еуропалық Қоғамдастық қазір бірыңғай құндылық, көзқарас пен саясат негізінде бірлескен 27 мүше мемлекеттің отбасын құрайды", - деп көрсетілген өкілдіктің баспасөз-релизінде.

"Алғаш рет интеграция идеясын Еуропа құрлығында жойқын соғыстардың болу мүмкіндігін жойып, бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін 1950 жылдың 9 мамырында Францияның сыртқы істер министрі Роберт Шуман жариялаған. Одақтың қазіргі мақсаты Еуропада тұратын халықтардың еркіндігі мен ұқсастығын құрметтейтін, қай жағынан болмасын алуандығын сақтайтын, халықаралық сахнада Одақтың рөлін алға жылжытатын және өзінің азаматтарының гүлденуіне ықпал ететін біртұтас Еуропа үйін салуда көрініс тапқан", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

Еуропалық комиссия өкілдігінің ақпаратына сүйенсек, шамамен алғанда 500 млн халқы бар Еуропалық Одақ қазіргі таңда бүкіл әлем табысының ? бөлігін және дүниежүзілік тауар айналымының 1/5 бөлігін иемденеді. Одақ дамушы елдерге бөлінетін гуманитарлық көмектің жартысынан астамын ұсынады. "Евро халықаралық қор мен әлемдік саудада маңыздылығы жөнінен екінші валютаға айналды", - деп атап көрсетті өкілдіктің баспасөз және ақпарат бөлімі.

"Еуропалық Одақ көптеген жаһандық мәселелер бойынша көшбасшылық ұстанымды қабылдады. Олар, мәселен, климаттың өзгеруі, өңірлік және әлеуметтік теңдікке қол жеткізу. Еуропалық Одақ лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен және жаппай қырып жою қаруларының таралуымен күрес мәселелері бойынша халықаралық консенсусқа қол жеткізуге ұмтылады", - деп көрсетілген хабарламада.

Өкілдіктің атап өткеніндей, Еуропалық Одақ әрқашан даму үстінде. Ол өз азаматтарының қалауына және қазіргі әлем талаптарына сай болуға ұмтылады. Былтыр Лиссабон келісімі жасалды. Онда Одақтың әрі қарайғы институционалдық рәсімделуі, халықаралық сахнадағы оның рөлінің артуы және Еуропалық интеграция жобасының дамуы қарастырылған, деп еске салды Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны