28.10.2016, 14:41 3906

Еуропалық оркестр қазақ музыкасын Австрияда ойнады

Концерт "Қазақстан жауһарлары" жобасыныӊ шеӊберінде өткізілді. Концерт бағдарламасында Құрманғазы, Т.Қажғалиев, Е.Қанапьянов, А.Серкебаев, Н.Тілендиев туындылары ойналды.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Еуропалық оркестр қазақ музыкасын Австрияда ойнады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Еуразиялық мәдениет қорыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылғы 26 қазанда Австрияныӊ Брегенц қаласында YoungEurasianSoloists (YES) камералық оркестрініӊ концерті өтті, бұл оркестр Швейцарияныӊ Лозанна қаласында орналасады.

Концерт "Қазақстан жауһарлары" жобасыныӊ шеӊберінде өткізілді. Концерт бағдарламасында Құрманғазы, Т.Қажғалиев, Е.Қанапьянов, А.Серкебаев, Н.Тілендиев туындылары ойналды. Концерт сәтті өтті. Оған келген австриялық тұрғындар танымалдығы арта түскен оркестрдіӊ концертін жылы шыраймен қабылдады. Іс-шараны Қазақстанныӊ Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай ашты. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер музыканттарды ұзақ уақыт бойы сахнадан босатпай, "Браво" деп айқайлау арқылы оркестрге бис орындатты.

YoungEurasianSoloists (YES) (Янг Еуразиан солистс) оркестріне музыка әлеміне танылған, бірақ жас аспапшылар енген болатын. Ұжымда Швейцария, Италия, Германия, Франция, Венгрия, Польша, Латвия секілді Еуропа елдерініӊ, сондай-ақ, Ресей мен Жапонияныӊ өкілдері бар. Оркестрдіӊ көркемдік жетекшісі - танымал Қазақстандық скрипкашы, Г.Венявский және Д.Ойстрах атындағы халықаралық байқаулардыӊ жеӊімпазы, Тарлан сыйлығыныӊ иегері Шернияз Мусахан болып табылады.

YoungEurasianSoloists (YES) камералық оркестрініӊ құрылуы 2015 жылы музыка әлеміндегі елеулі оқиға болған. Қазір ұжым Еуропадағы түрлі фестивальдар мен жобаларға шақырылуда. 2015 жылғы қазанда оркестрдіӊ концерттері Цюрих пен Берн қалаларында өтсе, 2016 жылғы тамызда оркестр беделді еуропалық SionFest фестиваліне қатысты. Камералық оркестрдіӊ осынау мәдени форумға шақырылу дерегініӊ өзі жас ұжымныӊ Еуропадағы музыкалық ортаға танылғанын паш етсе керек.

Өз кезегінде Швейцарияныӊ Гштад қаласында өтетін жаӊажылдық музыкалық фестивальге қолдаушылық жасайтын Монако ханшайымы Каролина Мюрат оркестрді 2017 жылғы қаӊтарға межеленіп отырған аталмыш іс-шараға шақырған көрінеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны