21.07.2008, 18:06 2852

Еуропалық парламенттің депутаты Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар барысында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен Қазақстанға сапармен келеді

Еуропалық парламенттің депутаты Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар барысында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен Қазақстанға сапармен келеді

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін - Еуропалық парламенттің депутаты Штраун Стивенсон 20-26 шілде аралығында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар барысында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Баршаға мәлім , Семей полигонын реабилитациялау мәселелері Еуропарламент сессиясы барысында талқыланған болатын. Ш.Стивенсон Еуропадағы "Мәңгі қасірет" фотокөрмесін , Семей өңірінің тұсау кесерін АҚШ конгрессінде, сонымен қатар Ұлыбританияда, Ирландияда, Норвегияда ұйымдастырды. Еуропарламент депутатының сапары барысында, Қазақстанға сонымен қатар британдық бизнесмен С.Чай мен голливуд актрисасы К.Джозеф келеді.

Сапар шеңберінде кең ауқымды халықаралық қауымдастықтың назарын Семей өңірінің мәселелеріне аудару үшін К.Джозеф Семей ядролық сынақ полигоны бойынша деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны