12.05.2018, 00:35 4389

Еуропарламент делегациясы Қазақстандағы ресми сапары аясында "Нұр Илем" - "Болашақ энергиясы" мұражайын аралады

Қазір ұлттық компания оныӊ мазмұнын жаӊарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, мұнда әр түрлі білім беру, танымдық іс-шаралар және мектеп оқушылары мен студенттерге арнап "ашық" сабақтар өткізіледі.

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" парламенттік ынтымақтастық комитетініӊ теӊ төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропарламент делегациясы Қазақстандағы ресми сапары аясында "Нұр Илем" - "Болашақ энергиясы" мұражайына келді. Жоғары мәртебелі қонақтарға павильонныӊ тақырыптық экспозициялары, сондай-ақ, ел экономикасыныӊ түрлі салаларын "цифрландыруына", жаӊа технологиялар мен инвестициялар тартуға және жаӊартылған энергия көздеріне көшуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті ЭКСПО-2017 нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасы таныстырылды.

Қазіргі таӊда көрме аумағында АХҚО, "Astana Hub", Халықаралық жасыл технологиялар орталығы, IT-университет сияқты ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Еуропарламент депутаттарын көрмеге келушілермен тікелей қарым- қатынаста болатын интерактивті экспонаттар ерекше таӊдандырды.

"Біз қуаныштымыз! Меніӊ ойымша бұл көрмені барлық адам келіп өз көздерімен көруі қажет, себебі "Нұр Илем" павильоны тек әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар ақпараттық танымдылығымен де қызықты. Ғарыш энергиясына арналған қабатты ерекше атап өткім келеді. Планетарий маған қатты әсер еткені соншалықты мен сәл кідіріп, өз әріптестерімнен қалып та қойдым",- деп атап өтті Еуропарламент депутаты Иоахим Целлер.

Қазір ұлттық компания оныӊ мазмұнын жаӊарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, мұнда әр түрлі білім беру, танымдық іс-шаралар және мектеп оқушылары мен студенттерге арнап "ашық" сабақтар өткізіледі.

"Павильонныӊ әр қабатында ұлттық рух байқалады. Меніӊ ойымша бұл шет елдіктер үшін де, еӊ кішкентай көрермендер үшін де танымдылыққа толы қызық. Себебі, өз ұлтыӊныӊ мәдениеті мен дәстүрлерін жастайынан үйрету қажет",-дейді Иветта Григуле ханым.

Экскурсия соӊында Еуропарламент делегациясы ұлттық компанияныӊ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі мұрасын тиімді пайдалану және дамыту саласындағы қызметін жоғары бағалады.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны