26.06.2008, 18:43 2886

Европалық Одақ азаптауға қарсы күреске жыл сайын 12 млн евро бөледі

Европалық Одақ азаптауға қарсы күреске жыл сайын 12 млн евро бөледі

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Европалық Одақ дүниежүзінде азаптауды, адамдарға қатыгездікпен және адамшылықтан тыс қатынасуды біржола жоюға жыл сайын 12 млн евро бөледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Еуропалық Комиссияның Қазақстан , Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

"2007 жылдың наурыз айынан бері ЕО-тың қаржылық қолдауымен "Орталық Азиядағы азаптауға қарсы күрес" атты жоба Freedom House Europe және жергілікті құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырыла бастады. Қазақстан , Қырғызстан және Тәжікстандағы азаптауға қарсы күрес коалициясы азаптау құрбандарына көмек көрсету және адамдарға айуандықпен қатынасудың алдын алу саласындағы реформаларды ілгерілету бағытында іс-шаралар сериясын жүргізуде", -делінген хабарламада.

2008 жылы Халықаралық Амнистия ұйымы әлемнің 81 елінде азаптау және адамдарға қатысты қатігез қарым-қатынас оқиғаларын тіркеді. Қазірде еуропа елдерінде "өз отандарындағы қаталдықтан бас сауғалаған" 400 мың азаптау құрбандары тұрады. Көп жағдайда азаптаушылар жазадан бұлтарып кетеді.

Орталық Азия елдерінде бүгінде "кем дегенде 260 осындай оқиға тіркелген".

Қазір Еуропалық Одақтың 9 мемлекеті БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы бекітсе, ЕО-тың барлық елдері азаптаудың және адамның абырой-намысына нұқсан келтіретін адамшылықтан тыс қароым-қатынастың алдын алу жөніндегі Еуропалық Конвенцияны бекіткен.

26 маусым - Азаптау құрбандарын халықаралық қорғау күні болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны