19.01.2010, 17:42 3825

Ежелгі Египеттегі көз бояуы жұқпалы аурулардан қорғаған - француз зерттеушілері

Ежелгі Египеттегі көз бояуы жұқпалы аурулардан қорғаған - француз зерттеушілері

Алматы. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - 19 января. Kazakhstan Today - Француз зерттеушілерінің пайымдауынша, ежелгі мысырлықтардың көздің қабағының үстін баттастыра бояуының бір себебі тек табынушыларды тартудың ғана бір тәсілі болмаған: көздің айналасын бұлайша бояу сонымен бірге көзді түрлі жұқпалы аурулардан қорғаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today National Geographic журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып.

Ежелгі Египеттің артефактілері мен жазбаша көздері көрсетіп отырғандай фараон сарайындағы әрбір нөкер немесе құл, ол әйел немесе еркек болмасын, көзінің айналасын міндетті түрде қызыл немесе жасыл бояумен қалың етіп бояп жүретін болған.

Франция астанасы Париж қаласындағы Пьер және Мари Кюри Университетінің зерттеушісі Кристиан Аматордың (Christian Amatore) айтуынша, "ондағы адамдар күнделікті осылай боянып жүретін болған".

Ежелгі Египеттегі жазбаларға сәйкес, көздің айналасын бұлайша бояудың магиялық рөлі бар деп танылды: көзін бояп жүргендерді Тау және Ра құдайлары бірқатар аурудардан қорғайды-мыс делінген.

Ніл өзенін бойлай, тропикалық ми батпақты жерлерде конъюнктивит секілді көздің жұқпалы бактериядан болатын дерттері аса көп кездесетін.

Ежелгі бетті әрлеуге арналған банкалардан алынған ұнтақ тектес қалдықтарға жасалған химиялық талдаулар нәтижесінде қорғасынның негізіндегі төрт түрлі қосылыс анықталды. Кезінде қорғасынның адам үшін біршама улы екендігіне байланысты бұл макияж зиянды деген жорамал жасауға негіз болды.

Алайда, кейінгі уақыттардағы зерттеулердің нәтижесінде қорғасын тұзының аз дозасы аталған құрамға пайдалы қасиеттер бергені болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Тұздар адамның бет терісімен байланысқа түскен кезде олар ағзаның азот тотығын (окись) түзу мөлшерін ұлғайтады. Осынау химиялық зат адамның иммунитет жүйесін нығайтып, ауру түзгіш бактериялармен күресуге жәрдемдесетіні мәлім. "Ежелгі макияж құрамындағы қорғасын қосылыстарының қоспасынан адамдағы азот тотығының деңгейі 240%-ға өсер еді", - делінген зерттеуде.

"Бұл заттардың екеуі табиғатта кездеспейді және оларды шығарып алу үшін 30 күн бойы тер төге еңбектену қажет болар еді. Меніңше, ежелгі мысырлықтарға осы қосылыстардың сауықтыру әсері жайлы мәлім болғанға ұқсайды және олар оны мақсатты түрде қолданатын болған", - дейді К. Аматор.

Зерттеу нәтижелері Analytical Chemistry журналының 2010 жылдың 15 қаңтарындағы санында жарияланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны