11.02.2013, 09:56 4003

Филиппинде әлемдегі ең үлкен қолтырауын өлді

Филиппиндіктер өзен жағажайынан өлі қолтырауынды тауып алды. Экопарк қызметкерлері мал дәрігерін шақырғанымен, бірнеше сағаттан кейін қолтырауын өліп қалды. Теңіз жануары өлімінің себебі белгісіз.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Филиппинде әлемдегі ең үлкен қолтырауын өлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ұзындығы алты метрге жететін қолтырауынның салмағы бір тоннадан асты.

Филиппиндіктер өзен жағажайынан өлі қолтырауынды тауып алды. Экопарк қызметкерлері мал дәрігерін шақырғанымен, бірнеше сағаттан кейін қолтырауын өліп қалды. Теңіз жануары өлімінің себебі белгісіз.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, қолтырауын 50 жыл өмір сүрген. Және ол Гиннес рекордтар кітабына енген, деп хабарлады BBC.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны