05.01.2012, 11:15 3309

Филиппинде болған көшкін құрбандарының саны 25 адамға жетті

Сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің берген мәліметі бойынша, кем дегенде 100 адам бұзылған үйлердің астында қалып отыр. Қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Филиппинде болған көшкін құрбандарының саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Филиппиннің Минданао аралында көшкіннің салдарынан кем дегенде 25 адам көз жұмған.

Сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің берген мәліметі бойынша, кем дегенде 100 адам бұзылған үйлердің астында қалып отыр. Қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.

Көшкін Компостелла алқабында орын алған. Билік өкілдері хабарлағандай, оқиға болған жерге құтқарушылар тобы жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айында аралда 45 мың адам зардап шегіп, 1, 2 мың адамның өмірін қиған "Ваши" дауылы болған еді. 100 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Бұл туралы РБК хабарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны