18.05.2007, 17:58 2866

Финляндия ТМД елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің құжаттарына қол қою құқығына жуырда ие болады - кеңес дирекциясының төрағасы

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Финляндия ТМД елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің құжаттарына қол қою құқығына жуырда ие болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында

кеңес дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Кеңестің осы жолы Асатанада өткен отырысында Финляндия Республикасы кеңеске қауымдасқан мүше ретінде қабылданды",- деп хабарлады П.Кучеренко. Оның айтуынша, Финляндия 2004-жылдан бері бақылаушы болған. "Елдің ұйымдағы мәртебесі өзгерді, бірақ, олар кеңесте құжатқа қол қою құқығына ие болу үшін, қабылдаудан кейін сақталуға тиіс белгілі бір процедуралар бар",- деді П.Кучеренко.

"Кеңеске барлық ТМД елдерінің темір жол әкімшіліктері мүше. Ал ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын елдердің әкімшіліктері кезіндегі Болгария секілді қауымдасқан мүше ретінде қабылдана алады",- деді П.Кучеренко. Оның айтуынша, Финляндияның қауымдасқан мүше мәртебесін рәсімдеу процедурасы таяу уақыттарда аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны