28.05.2012, 11:38 3048

Флорида штатындағы орман алқабы өртке оранды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы тәуліктің өзінде күлге айналған орман алқабының алаңы бірнеше есеге өскен. Алау елді мекендерге тым жақын келіп, халықтың үрейін ұшырған.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Флорида штатындағы орман алқабы өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-тың Флорида штатында орман алқабы өртке оранды. Тілсіз жаумен күресу үшін АҚШ-тың төтенше қызметінің жүздеген қызметкері жұмылдырылды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы тәуліктің өзінде күлге айналған орман алқабының алаңы бірнеше есеге өскен. Алау елді мекендерге тым жақын келіп, халықтың үрейін ұшырған.

Орландо туристік ауданы мен жергілікті Диснейлендке де тым жақын келген. Полиция бірнеше тас жолдарды жауып, көліктер кептеліп қалған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны