10.02.2020, 18:58 3802

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Петропавл-Алматы бағыты бойынша билет сатылымын батады

Әуеқатынасы 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды, ал бағасы 9999 теңгеден басталатын билет сатылымы дәл қазір flyarystan.com сайтында қолжетімді екеніне баса назар аударады.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Петропавл-Алматы бағыты бойынша билет сатылымын ашық деп жариялайды. Жайлы әуеқатынас 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды, ал бағасы 9999 теңгеден басталатын билет сатылымы дәл қазір flyarystan.com сайтында қолжетімді екеніне баса назар аударады.

Бірер күн бұрын отандық лоукостер үстіміздегі көктемде әуефлотын ұлғайтып, бұдан былай бағдарлар кестесін кеңейтетіні туралы мәлім еткен болатын. Жаңадан келген борт аптасына 4 рет Солтүстік Қазақстан облысының орталығына қатынайды екен. Екі шаһар арасындағы жол жүру уақыты 2 сағат, бұл саяхаттаушыларға Алматы немесе Петропавлда күндерін толықтай әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда әуепарк 4 Airbus A320 әуелайнерлерімен жабдықталып, күні бүгінге дейін 12 ішкі рейс пен Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан халықаралық бағытын орындап келуде.

FlyArystan-ның қаржы директоры Әлім Шалбаев Петропавл қаласының халықаралық әуежайы басшылығы мен жергілікті қала билігіне бұл рейстерді ашуға мүмкіндік берген қолдау үшін FlyArystan атынан алғысын білдіреді. "Екіжақты түсінісушілік - халыққа оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, себебі жергілікті адамдар оңтүстен солтүстікке қолжетімді бағаға саяхаттайтын болады.

"Бүгінгі бастаманың жалғасы ретінде біз Петропавлдан басқа да қалаларға да қатынайтын боламыз деген сенімдеміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтарға берер кеңесіміз - саяхаттарын алдын ала жоспарлап, қолжетімді баға бар кезінде билеттерді ертерек сатып алу" - деп ойын аяқтады компания маманы.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның соңында FlyArystan әуекомпаниясы біржақты билет құны 6999 теңгеден басталатын Алматы-Қызылорда-Алматы және Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыттарына билет сатылымын ашты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны