02.06.2020, 21:52 7548

FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, Ақтау, Атырау мен Ақтөбеге ұшатын болады

Осылайша 21 маусымнан бастап аптасына 5 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма мен жексенбі күндері заманауи Airbus А320 Алматы-Ақтау-Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Біржақты билет құны 12 999-58 999 теңге аралығында.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan Today - FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, Ақтау, Атырау мен Ақтөбеге ұшатын болады.

Осылайша 21 маусымнан бастап аптасына 5 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма мен жексенбі күндері заманауи Airbus А320 Алматы-Ақтау-Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Біржақты билет құны 12 999-58 999 теңге аралығында.

Оған қоса 1 шілдеден бастап 180-орынды әуелайнерлер Шымкенттен Атырау, Ақтау мен Ақтөбе тұрақты түрде сапарларын орындайды:

Шымкент-Атырау-Шымкент бағыты бойынша аптасына 2 рет - сәрсенбі мен жұма күндері. Біржақты билет құны 9999 теңгеден 49 999 теңгеге дейін.

Шымкент-Ақтөбе-Шымкент бағытындағы рейстер дүйсенбі мен сенбі күндері орындалады. Бір жаққа қарай билеттер құны 8999-44999 теңге аралығында.

Шымкент-Ақтау-Шымкент бағытында 3 рет қатынайды - сейсенбі, бейсенбі мен жексенбі күндері. Біржақты билет құны 9999 теңгеден бастап 49 999 теңгеге дейін.

Билет құны кездейсоқ орын мен 5 кг қолжүгін қамтиды.

"Қазақстандықтарға қолжетімді әрі тез әуеқатынасты ұсына отырып, біз бағдарлар кестесін әрдайым кеңейтеміз. FlyArystan-ның арқасында биыл жазда отандастарымыз теңіз жағалауында өткізе алады. Маусымнан бастап Каспий жағажайлары әлдеқайда қолжетімді болмақ. Сол себепті біз, саяхатты ертерек жоспарлап, билеттер мен қосымша қызметтерді ертерек брондауға кеңес береміз", - деп ойымен бөлісті компанияның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, биыл наурызда әуекомпания флотына бесінші Airbus A320 ұшағы қосылып, сәуірде әуе парк тағы бір 180-орынды бортқа толыққан еді. Бұл лоукостердің ел ішіндегі бағыттарын көбеутуге мүмкіндік бергенін ескере кеткен жөн. Қазіргі таңда FlyArystan-ның рейстері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әуе айлақтарынан орындалуда.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, "The Best Deal of the Year" номинациясын иемденді. Ал 23-ші "Крылья России 2019" атты әуе сылығында қазақстандық луокостер "ТМД-ғы жыл оқиғасы" атауның жеңімпазы атанды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны