07.04.2019, 16:05 12620

FlyArystan Алматыдан Қарағандыға 5999 теңгеден бастап апарады

2 мамырдан бастап FlyArystan Алматыдан Қарағандыға күнделікті сапар орындай бастайды. Ұзақтығы 1 сағат 30 минут болатын билеттер сатылымы www.flyarystan.com ашылғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 2 мамырдан бастап FlyArystan Алматыдан Қарағандыға күнделікті сапар орындай бастайды. Ұзақтығы 1 сағат 30 минут болатын билеттер сатылымы www.flyarystan.com ашылғанын хабарлады.

180 орынды Airbus A320 әуелайнерінде орындалатын тұрақты рейстердің құны, аэропорт алымдарымен қоса есептегенде 5999 теңгеден басталады. Алматыдан Қарағандыға және де кері қайтатын билеттерден бөлек, FlyArystan өзіңің жолаушыларына қосымша жүк, борттық тағамға тапсырыс беру, приоритетті отырғызу және басқа қызмет түрлерін ұсынады..

"Қазақстанның төртінші ірі қаласы - Қарағандыға рейстер жоғары сұранысқа ие екені көпшілікке мәлім. Бұдан былай оңтүстік астанадан Орталық Қазақстанға жету әлдеқайда жеңіл, әрі арзан болады. Отандастарымыз бірінші лоукостердің жұмысын жоғары бағалайды деген сеніммен, 2 мамырдан бастап тұрақты рейстерді орындайтынымыз туралы қуана хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Жанар Жайлауова, FlyArystan-ның сату мен маркетинг бөлімінің директоры.

FlyArystan барша жолаушыларға flyarystan.com ресми сайтта жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуға кеңес береді.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 4 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны