Система Orphus

FlyArystan Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 6999 теңгеге сапар шегуді ұсынады

07.04.2019, 15:52 8884

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірінші лоукостері FlyArystan компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы тұрақты байланысты 1 мамырда ашады. Екі астана арасындағы күнделікті әуеқатынас, сыйымдылығы 180 орынды, заманауи реактивті Airbus A320 ұшақтарымен қамтамасыз етіледі. Бір жаққа билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталады.

2 сәуірден жолаушылар билетті www.flyarystan.com сайтында брондаумен қатар, борттық тағамға тапсырыс беру, жолжүкті сатып алу, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлерін қосымша ала алады.

"Аталмыш бағдар, отандастарымыз асыға күткен рейстердің бірі болатыны сөзсіз. Бұдан былай 2 сағаттан кем уақыт ішінде, небәрі 6999 теңгеге діттеген жеріне кәсіпкерлермен қатар, қарапайым студенттер де ата-аналарына, туған-туысқандарына тез, әрі жеңіл жете алатыны бізді аса қуантады. Cонымен қатар, кең-байтақ Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік өңірлерін рахаттанып тамашалап, жергілікті туризмнің дамуына ықпалын тигізеді деп кәміл сенеміз", - деген ойымен FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова бөлісті.

FlyArystan барша жолаушыларға flyarystan.com ресми сайтта жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуға кеңес береді.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 4 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны