11.06.2020, 22:59 7051

FlyArystan Қазақстанның батысына жол тартады

Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап орындала бастайды.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, Атырау қаласында жаңа бекеттің ашылуы туралы қуана хабарлайды. Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап орындала бастайды.

Жайлы Airbus A320 ұшақтары мұнай астанасынан жаңа 9 бағыт бойынша қатынайтын болады. 25 қазанға дейін орындалатын рейстерге билеттер flyarystan.com сайтында сатылымға түсті.

4999* теңгеден бастап Ақтауға күнделікті, Ақтөбеге аптасына 4 рет (Дс, Сс, Бс, Сб), Оралға аптасына 3 рет (Ср, Жм, Жк)

6999* теңгеден бастап аптасына 2 рет Қостанайға (Сс, Бс), Қызылордаға (Дс, Жм)

9999* теңгеден бастап Шымкентке аптасына 4 рет (Сс, Бс, Жм, Жк)

11 999* теңгеден бастап Қарағандыдан аптасына 3 рет (Сс, Ср, Сб)

12 999* теңгеден бастап Нұр-Сұлтанға аптасына 2 рет (Бс, Жк)

14 999* теңгеден бастап Алматыға аптасына 2 рет (Дс, Сб)

*Минималды билет құны көрсетілген, кездейсоқ орын мен 5 кг қолжүгін қамтиды. Жолжүк, тағам мен орынды таңдау қосымша қызметтері жолаушы қалауымен бөлек төленуі тиісті.

FlyArystan-ның Коммерциялық директоры Жанар Жайлауованың ойынша Атырау облысы еліміздің ең қарқынды дамыған индустриалды аймағы ретінде, ішкі әуенарықтың дамуына зор үлесін қоса алады.

"FlyArystan Халықаралық Атырау әуежайын аймақтық бекетке айналдырып, әуекомпанияның бағдарлар кестесін кеңейтуге дайындығын хабарлайды. Лоукост әуекомпаниясымен сапар шегемін деушілер саяхаттарын алдын ала жоспарлаған абзал. Барлық билеттердің құны бірдей бола алмайды. Ұшып шығу күні неғұрлым жақындаған сайын, соғұрлым билет құны қымбаттай түседі. Әсіресе бұл мейрам, демалыс және жаз маусымына қатысты екенін атап өткен жөн. Жолжүкті де ертерек flyarystan.com сайтынан алып қойған дұрыс, себебі әуежайда жолаушылар әрбір келі үшін төлеп, бірнеше есе артық шығынданулары ықтимал", - деп жалғастырды әуекомпания басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай аяқталып, рейстердің жандануынан кейін, яғни 12 мамырдан бастап FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қайта ұша бастады. Өткен бір айдың ішінде тасымалдаушы 70 мыңнан астам жолаушыны діттеген жеріне жеткізіп үлгерді. 10 бағыт бойынша рейстердің орташа коэффициенті 91% құраса, оларды уақыты орындау көрсеткіші 95% жетті.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, "The Best Deal of the Year" номинациясын иемденді. Ал 23-ші "Крылья России 2019" атты әуе сылығында қазақстандық луокостер "ТМД-ғы жыл оқиғасы" атауның жеңімпазы атанды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны