13.03.2020, 22:52 89068

FlyArystan бүгін Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты

Петропавл қаласы әуекомпанияның үлкейіп келе жатқан бағдарлар кестесіндегі 13-ші қала. Өткен аптада әуекомпания бар болғаны 10 айдан астам уақыттың ішінде өзінің 1 миллионыншы жолаушысын тасымалдағанын жариялаған еді.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - FlyArystan бүгін Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты. Бүгіннен бастап біржақты билет құны 9999 теңгеден басталатын тұрақты рейстер аптасына 4 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалатын болады.

Алматыдан қатынай бастаған жаңа рейспен қатар, отандық лоукостер Нұр-Сұлтаннан Петропавлға 3999 теңгеден басталатыны билеттер сатылымын ашық деп жариялады. Ұшақтар 10 сәуірден бастап жұма және жексенбі күндері ұшатын болады. Екі қала арасындағы саяхат кешке орындалып, ұшу ұзақтығы бір сағат шамасында болмақ. Билеттер сатылымы flyarystan.com сайтында 2020 жылдың 25-ші қазанына дейін ашық. Петропавлдан Алматыға орындалған рейс кеше бірінші сапарын орындаған Көкшетау-Алматы бағытындағы рейстен кейін ашылды.

Петропавл қаласы әуекомпанияның үлкейіп келе жатқан бағдарлар кестесіндегі 13-ші қала. Өткен аптада әуекомпания бар болғаны 10 айдан астам уақыттың ішінде өзінің 1 миллионыншы жолаушысын тасымалдағанын жариялаған еді.

"Петропавлдан Алматы мен елордамыз Нұр-Сұлтанға орындалатын жаңа рейстер жергілікті тұрғындар мен халық арасында сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Солай болған жағдайда, біз сапарлардың санын арттырып, Петропавлға қатынайтын бағыттардың көбеюін қарастыратын боламыз. Сонымен қатар бұл шараның өткізілуіне күш салған жергілікті әуежай мен әкімшіліктің еңбегін атап өткім келеді", - деді FlyArystan-ның басқарушы директоры Тим Джордан.

"Біздің басты кеңесіміз - билетті ерте брондап, ақшаны барынша аз төлеңіз. Біз ең біріншіден төмен бағадағы орындарғы сатамыз, сондықтан солтүстікке немесе оңтүстікке ұшқыңыз келсе, саяхатыңызды алдын ала жоспарлаған жөн",- деп жалғастырды ол.

Петропавл және Көкшетау қалаларына ашылған бағыттар әуекомпанияның флотына қосылған бесінші борттың арқасында ашылды. Жаңа Airbus A320 ұшағы Алматы әуежайында негізделетін болады. Сәуір айында ұшып келгелі отырған алтыншы ұшақ Қарағанды қаласында тұрақтайтынын естеріңізге саламыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны