Система Orphus

FlyArystan Көкшетауға қатынай бастады

12.03.2020, 23:57 2539

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - FlyArystan алғашқы сапарын Көкшетаудан Алматыға орындады. Жаңа рейс екі қала арасында 180-орынды Airbus A320 ұшағында тұрақты түрде бүгіннен бастап аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Біржақты билет құны 8999 теңгеден басталады, брондау flyarystan.com сайтында жүзеге асырылады.

Оңтүстік астанадан Көкшетау қаласына ашылған жаңа рейс әуекомпанияның флотына қосылған бесінші борттың арқасында жүзеге асырылуда. Көкшетау мен Петропавл қалаларына ашылған бағыттар жаңа Airbus A320 ұшағында орындалатын болады. Сәуір айында флотымызға қосылғалы тұрған алтыншы борт Қарағанды қаласында тұрақталатын болады. Көкшетау қаласы лоукостердің қарқынды үлкейіп келе жатқан бағдар кестесіндегі 12-ші қала.

"Көкшетау қаласына ұшатын жаңа тікелей рейс қаланың өзіне ғана емес, сондай-ақ ауасы шипалы, сөзсіз табиғатымен ерекшеленетін Қазақстанның танымал демалыс орны - Бурабайға барудың ең тиімді және оңай жолын ұсынады. Біз жергілікті тұрғындар төмен әуебилеттер арқылы отбасы, туған-туыстарына жиі барып тұратынына, онымен қоса қала мен қала маңындағы демалыс орындарының төмен бағадағы қолжетімділіктің арқасында сұранысы көбейетініне сенімдіміз", - деді жерүсті қызметінің директоры Данияр Өскенбаев.

"Біз үнемі жолаушыларға билеттерді алдын ала арзан бағада брондауын сұраймыз, себебі төмен бағадағы билеттер ең бірінші сатылып кетеді. Қазірде билеттер сатылымы 2020 жылдың 25-ші қазанына дейін ашық. Ерте брондаңыз да, аз төлеңіз", - деп жалғастырды сөзін Данияр мырза.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, "The Best Deal of the Year" номинациясын иемденді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны