13.04.2015, 21:56 4239

Форт-Шевченко жолында 23 кг балықпен браконьер ұсталынды

Маӊғыстау облысы Түпқараған ауданыныӊ тұрғыны басқарған "Лексус" автокөлігін тексеру барысында жалпы салмағы 23 кг құрайтын 3 дана бекіре балықтары алынды.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облыстық орман және аӊшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері табиғат қорғау полициясымен бірлесіп өткізген "Бекіре - 2015" балық қорғау акциясы барысында Форт-Шевченко жолында браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Маӊғыстау облысы Түпқараған ауданыныӊ тұрғыны басқарған "Лексус" автокөлігін тексеру барысында жалпы салмағы 23 кг құрайтын 3 дана бекіре балықтары алынды.

Барлық жиналған материалдар Маӊғыстау облысыныӊ ІІД-не жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны