24.01.2019, 20:04 12671

Франция елшілігініӊ кеӊесшісі Лор Кастен: "Қазақстан мен үшін Абай ұғымымен егіз"

Бүгін сәні жарасқан Назарбаев орталығында болып, мемлекеттіӊ тарихына сүӊгіп кеткендей күй кештім. Елбасы кітапханасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ марапаттар экспозициясы ерекше әсер етті. Бұл жерді асықпай, әр экспонаттыӊ қызықты тарихына үӊіле отыра аралау керек, - деді Лор Кастен.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасына Ұлы дала елі ретінде Францияныӊ мәдениеттанушылары мен тарихшыларыүлкен қызығушылық білдіруде. Бұл туралы Елбасы кітапханасына келген Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы елшілігініӊ мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша кеӊесшісі Лор Кастен мәлімдеді. Кастен ханым қазақ мемлекеттігініӊ тарихын, әсіресе ХІХ-ХХ ғасырлар кезеӊін ерекше қызығушылықпен оқып жатқанын атап өтті.

- Қазақстанға алғаш келуім. Бес айдан бері екі елдіӊ арасындағы мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бүгін сәні жарасқан Назарбаев орталығында болып, мемлекеттіӊ тарихына сүӊгіп кеткендей күй кештім. Елбасы кітапханасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ марапаттар экспозициясы ерекше әсер етті. Бұл жерді асықпай, әр экспонаттыӊ қызықты тарихына үӊіле отыра аралау керек, - деді Лор Кастен.

Сонымен қатар, Франция өкілі бүгінде Ресей мен Қазақстан арасындағы іскерлік және мәдени байланыстар өте жоғары деӊгейде екенін, алайда оны, әсіресе, білім мен туризм саласында тереӊдете түсу керектігін атап өтті.

-Туыстарым мен достарыма Қазақстан туралы айтқанда, еӊ бірінші ауызға ілігетіні - қазақ халқыныӊ шексіз қонақжайлылығы, қонақ күте алуы, жайдары мінезі мен кеӊпейілділігі. Соған қоса Қазақстан мен үшін Абай ұғымымен егіз. Оныӊ шығармалары өмірлік философиясыныӊ тереӊдігімен жаныӊды баурап алады. Ир кеш сайын достарыма Қазақстан туралы фотосуреттер жіберемін. Бұл кез-келген халықтыӊ дәстүрі мен мәдениетін кеӊ танытып, паш етудіӊ еӊ бір жылдам тәсілі десе де болады. Бұған тым әуестеніп кеткенім сондай, жіберген суреттер мен айтқан мәліметтерден кейін туыстарым мен достарым Қазақстанды қатты көргісі келетін болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны