23.01.2012, 13:19 3555

Францияда білім министрінің әйелі өзіне өзі қол салды

22 қаңтар күні таңертең Булонь-Бийанкурдегі жеке үйінде Франция білім министрі Люк Шательдің әйелі Астрид Херреншмидтің мәйіті табылды. Алдын ала болжамдар бойынша, әйел өз-өзіне қол жұмсаған.

Алматы. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Францияда білім министрінің әйелі өзіне өзі қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 22 қаңтар күні таңертең Булонь-Бийанкурдегі жеке үйінде Франция білім министрі Люк Шательдің әйелі Астрид Херреншмидтің мәйіті табылды. Алдын ала болжамдар бойынша, әйел өз-өзіне қол жұмсаған.

Министр жұбайының қаза болғанын растады. Сондай-ақ Шатель журналистерге қарата айтқан сөзінде өзінің және балаларының өміріне құрметпен қарауды өтінді. Олар 1991 жылы отауласқан болатын, жұптың төрт баласы бар. Суицидтің себептері әзірге белгісіз, деп хабарлайды РБК француз басылымдарына сілтеме жасап.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны