07.05.2012, 12:54 5736

Францияның жаңа президенті сайланды

Президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Олланд 51,13 пайыз дауыс жинаған. Ал қазіргі президент Николя Саркози үшін 48,87 пайыз дауыс беріпті. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болып, оған халықтың 81,25 пайызы қатысқан.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Франция ішкі істер министрі Клод Геан социалистік партияның жетекшісі Франсуа Олланд ел президенті болып сайланғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Олланд 51,13 пайыз дауыс жинаған. Ал қазіргі президент Николя Саркози үшін 48,87 пайыз дауыс беріпті. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болып, оған халықтың 81,25 пайызы қатысқан. Николя Саркози мемлекеттік телеарнада жеңілісін мойындап, Францияның жаңа басшысына сәттілік тіледі. Сарапшылардың пікірінше, Франсуа Олландтың президент болып сайлануы бүкіл Еуроодаққа әсер етеді. Ол бұрынғы президент Николя Саркози және Германия канцлері Ангела Меркель ұсынған бюджеттік тәртіп туралы еуропалық келісім-шартын қайта қарастыруды мақсат етеді.

Президент ретінде жасаған алғашқы мәлімдемесінде, Франсуа Олланд қарапайым халықтың үмітін қайта оятқанын мақтан тұтатынын жариялады. Жаңа президент ірі корпорациялар және жылдық табысы бір миллион евродан асатын жеке тұлғалар үшін салық көтеруді уәде етті. Сонымен қатар Олланд жалақының минималдық деңгейін көтеруге, мұғалімдер үшін қосымша 60 мың жұмыс орнын құруға және жұмысшылардың бірақатар мамандықтары үшін зейнет жасын 62-ден 60-қа дейін түсіруге ниетті. Франсуа Олланд соңғы 17 жылда Франция президенті болып сайланған алғашқы социалист.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны