12.12.2012, 16:11 3085

Франкфурттегі қан орталығымен жасалған меморандум аясында қазақстандық дәрігерлер біліктілігін арттырады

"Бүгінде мамандарды оқытып, біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Біздің орталықтың базасында трансфузиология курсы ұйымдастырылған. 2011-2012 жылдары орталықта 180 маман оқытылды. Оның 64-і қайта даярлықтан өтсе, 116 дәрігер біліктілігін арттырды. Сондай-ақ осы уақытта қан қызметі мәселелері бойынша 82 мейірбике оқытылды", - деді Жандос Бүркітбаев.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Франкфурттегі қан орталығымен жасалған меморандум аясында қазақстандық мамандарды шетелде оқыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаев мәлім етті.

"Бүгінде мамандарды оқытып, біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Біздің орталықтың базасында трансфузиология курсы ұйымдастырылған. 2011-2012 жылдары орталықта 180 маман оқытылды. Оның 64-і қайта даярлықтан өтсе, 116 дәрігер біліктілігін арттырды. Сондай-ақ осы уақытта қан қызметі мәселелері бойынша 82 мейірбике оқытылды", - деді Жандос Бүркітбаев.

Мұнымен қатар салалық бағдарлама аясында үш жылда 200-ге тарта маман шетелде оқытылған.

"Біз шетел сарапшыларымен тығыз жұмыс жасаймыз. Орталықта түрлі бағыттар бойынша сан алуан мастер-класстар өтіп жатады. Енді алдағы уақытта Франкфурттегі қан орталығымен жасалған меморандум аясында тәжірибе алмасып, мамандарымыздың біліктілігін арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстандық мамандар сол жаққа барып, сондай-ақ шетелдіктер бізге келіп, шеберлік бөлісу жоспарланған", - деп атап өтті Бүркітбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны