26.05.2009, 13:08 4081

"Франс-Пресс" агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашты

"Франс-Пресс" агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашты

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Франс-Пресс" агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, "Франс-Пресс" агенттігі Орталық Азия елдерін біріктіретін аймақтық ақпараттық орталықты Қазақстанда ашты. Бұл жайында халықаралық ақпараттық агенттігінің директорлар кеңесінің президенті Пьер Луэт баспасөз маслихатында айтты.

"Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету Қазақстан үшін өте тиімді және маңызды. 2010 жылы осы ұйымға төрағалық ететін Қазақстанға, оның саясатына, экономикасы мен мәдениетіне деген қызығушылық арта түстетіні сөзсіз. Орталық азия аймағындағы мемлекеттер ішінен Қазақстанды таңдауымыздың бірден-бір себебі осы. 2010 жылға дейін көптеген арнайы репортаждар жасау ойымызда бар. Бұл елдің имиджін көтереді деген сенімдеміз",- деді Франс-Пресс ақпараттық агенттігі директорлар кеңесінің президенті Пьер Луэт.

"Біздің көрермендеріміздің көпшілігі Қазақстан туралы аз біледі, ал сіздерде айтатын, көрсететін дүние көп. Біз Орталық Азияның жүрегіндегі сіздің елдегі оқиғадан жұртшылықты хабардар етпек ниетіміз бар. Біздің тілшілер республикадағы тек саясат пен экономика туралы ғана емес, сонымен бірге оның мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы да репортаждар жасайтын болады. Біз сөйтіп еуропалықтарды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтын елмен таныстыратын боламыз", - деді Пьер Луэт.

Сонымен бірге, "Қазақстандағы бюро Орталық Азиядағы ақпараттық орталыққа айналады, оның тілшілері бұған қоса Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстандағы оқиғалардан да хабардар ететін болады. Франс Пресс агенттігіне әлемнің 165 еліндегі 2 мыңға жуық тілші жұмыс істейді, ол әлемдегі жетекші ақпараттық агенттіктердің үштігіне кіреді.

"Франс-пресс" агенттігі әлемдегі ең көне агенттіктердің бірі. Оның негізін 1835 жылы Шарль Луи Гавас қалаған, ал 1944 жылы Франция нацистік оккупациядан азат етілген соң ол қазіргі атауға және тәуелсіз ақпараттық агенттік деген мәртебеге ие болған. "Франс-пресс" агенттігі күніне алты тілде бес мың ақпараттық хабарлама, үш мыңнан астам фотосурет, 80 инфографика және жиырма бейнесюжетті 24 сағат бойы әлемнің түкпір-түкпіріне жедел ақпарат ретінде таратады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны