14.03.2011, 13:59 4425

Фуксимадағы АЭС радиация тиісті деңгейден асып кеткен

Фуксимадағы АЭС радиация тиісті деңгейден асып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - наурыз. Kazakhstan Today - Фуксимадағы АЭС радиация тиісті деңгейден асып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Токио электр-энергетикалық компаниясының мамандары, Хонсю аралының Фукусима префектурасындағы атом-электр стансасында радиацияның сыртқа таралуының мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ВВС телекомпаниясы хабарлаған.

"Реактор ауданындағы радиацияның деңгейі межелі нормадан 1 мың есеге асып отыр", - дейді мамандар.

Жапония Премьер-министрі Наото Кан атом-электр стансасының төңірегіндегі 10 шақырымдай аумақтағы барлық тұрғындарды жедел көшіріліп жатқанын мәлім етті. Шамамен 45 мыңдай адам қауіпсіз аумаққа көшіріледі.

Токио электр-энергетикалық компаниясының мамандары Фукусима стансасындағы 1 , 2 және 3-ші ядролық реакторлардағы қысымды бақылай алмай отыр. Осыған орай төтенше жағдай жарияланды.

Станциядағы ахуалдың ушығып бара жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Мамандар реакторлардың ішіндегі қысымды төмендету үшін радиоактивті буларды біртіндеп шығаруға тырысуда. Инженерлер зілзала салдарынан зақымданған стансаның салқындату жүйесін қайта іске қосуға әрекет етіп жатыр.

Фукусимадағы АЭС әлемдегі ең ірі станциялардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны