03.02.2014, 21:52 20167

Г.Ибдіхалықова Білім және ғылым министрлігіне Е-learning даму тұжырымдамасы жобасын аяқтауды тапсырды

"Менің ойымша, электрондық білім беру оқулықтарға қосымша болуы керек. Е-learning мәселесі, менің пікірімше, тапсырма беру ережесінің жоқтығымен ерекшеленеді. Біз жеткізушіге тапсырыс пен 9 млрд теңге бергенімізбен, әлі де болса мәселе шешілер емес", - деді Г.Ибдіхалықова.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова өткен жұма күні Білім және ғылым министрлігіне Е-learning даму тұжырымдамасы жобасын аяқтауды тапсырды.

"Менің ойымша, электрондық білім беру оқулықтарға қосымша болуы керек. Е-learning мәселесі, менің пікірімше, тапсырма беру ережесінің жоқтығымен ерекшеленеді. Біз жеткізушіге тапсырыс пен 9 млрд теңге бергенімізбен, әлі де болса мәселе шешілер емес", - деді Г.Ибдіхалықова.

Оның айтуынша, "мамандар үйлестірушілік қызмет атқарып, мазмұнына да тапсырыс берулері керек".

Г.Ибдіхалықова БҒМ-не дайындықты бітіріп, биылғы жжылдың бірінші маусымына дейін тәжірибені ескере отырып электронды білім беру тұжырымдамасын Үкіметке ұсынуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны