23.10.2015, 20:06 4317

Ғ. Тоғызбаев: Үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деӊгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажет

Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласында "Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру" бойынша өткен I Конгресте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетініӊ басқарма төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев айтты

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласында "Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру" бойынша өткен I Конгресте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетініӊ басқарма төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол, үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деӊгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажеттілігін атап өтті. Олар - медициналық-санитарлық көмек ұйымдарыныӊ кіші медициналық персоналы, орта медициналық қызметкерлері және дәрігерлер. Ол, халықаралық тәжірибені ескеріп, біздіӊ университетпен тығыз ынтымақтастық жолға қойылған Ресей медициналық дипломнан кейінгі академиясы, А.Илиев атындағы Изірбайжан мемлекеттік дәрігерлердіӊ білімін жетілдіру институты сияқты және тағы басқа әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет, деді.

Ғалымжан Тоғызбаев, Конгресс - үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешу жолдарын нақтылау және ортақ пікірталас ашық алаӊы, деп атап өтті.

Конгрестіӊ тақырыбы бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ Ғылым және адами ресурстар департаментініӊ директоры Алма Сыздықова, ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасыныӊ орынбасары Гүлнар Құлқаева, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетініӊ Байқаушы кеӊесініӊ төрағасы Төрегелды Шарманов, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Армения мен Изірбайжан делегацияларыныӊ өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстанда үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін жетілдіру тиімділігін арттыру мүмкіндіктері жөніндегі панельдік талқылау шеӊберінде, барлық мүдделі тараптардыӊ (медицина ЖОО, ҒЗИ, ҰО және колледждер, денсаулық сақтау басқармалары, ҚР ДСИДМ-ніӊ комитеттері, медициналық ұйымдар және ҮЕҰ) қатысуымен мәселелерді зерттеу және шешу үшін бірыӊғай ресми алаӊ құру туралы ұсыныстар енгізілді.

Одан басқа, үйлестіруші ретінде үздіксіз білім бері университеттері табылатын, шетелдік әріптестерді тартумен біріктіруші орган - Үйлестіру кеӊесін құру; бірыӊғай ақпараттық кеӊістікте мемлекеттік және жекеменшік клиникаларды біріктіру, қызметі білім беру бағдарламаларын ғылым мен практикамен, клиникалық хаттамалармен, кәсіби стандарттармен интеграциялауға, инновациялық процестерді ортақ мотивациялауға бағытталған барлық стейкхолдерді біріктіру мақсатында, қазақстандық мамандардыӊ, үздіксіз кәсіби жетілдіру саласы оқытушыларыныӊ мәртебесін арттыру, заӊнамалық деӊгейде үздіксіз кәсіби жетілдіру саласыныӊ барлық провайдерлерініӊ қызметін реттеу (тапсырыс беруші-практикалық буын, орындаушы - білім беру ұйымы) жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Талқылау және дауыс берудіӊ қорытындысы бойынша конгрестіӊ резолюциясы қабылданды.

Бұл конгресс жылдық қорытындыларды талқылайтын пікір алаӊы мен ҚР-дағы үздіксіз кәсіби жетілдіру саласындағы қызығушылық танытып отырған барлық ұйымдар мен органдардыӊ келесі жылға алға қояр мақсаттарын айқындайтын жыл сайынғы маӊызды үйлестіруші шара болуды көздейтінін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны