15.01.2010, 15:17 2729

Гаитиде болған жер сілкінісі салдарынан 45 - 50 мыңға дейін адам қаза тапты - Қызыл Крест

Гаитиде болған жер сілкінісі салдарынан 45 - 50 мыңға дейін адам қаза тапты - Қызыл Крест

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Халықаралық Қызыл Крест комитетінің болжауына сәйкес, 13 қаңтарда Гаитиде болған жер сілкінісі салдарынан 45 - 50 мыңға дейін адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Аралда жүрген ұйым өкілдерінің хабарлауынша, үйінділерді аршумен айналысып жатқан еріктілерден осындай мәліметтер келіп түсуде.

Ал бүгін Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында жер сілкінісінің 7 мыңдай құрбаны бір бейітте жерленді. Мұндай шара аптап ыстыққа байланысты қабылданып отыр, олай болмағанда аралда түрлі жұқпалы дерттердің түрлері белең алуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны