22.02.2010, 18:06 3590

Гаитиде тағы да жер сілкінісі болды

Гаитиде тағы да жер сілкінісі болды

Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Гаитиде тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Би-би-си корпорациясына сілтеме жасап.

Би-би-си ақпаратына сәйкес, магнитудасы 4,7 балл құраған жер сілкінісі Кариб теңізіндегі арал мемлекет - Гаити жағалауларында тағы да болды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Гаитиде осы жылдың қаңтар айының ортасында болған жер сілкінісі құрбандарының саны 300 мың адамға жетуі мүмкін. Мексикада өткен өңірлік саммитте Гаити президенті Рене Преваль осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, жер сілкінісі құрбандарының мәйіттері үйінді астынан толық алынған жоқ. Бүгінгі жағдаймен ресми мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 230 мың адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны