03.10.2012, 13:20 3131

Ғаламторды тұрақты пайдаланатын қазақстандықтардың саны 8,9 миллионнан асып жығылды

"Бүгінде Қазақстанда ашық ақпараттық қоғам қалыптастыру белсенді жүруде. Бұл үдерістің қарқындылығы әсіресе ғаламтордың жылдам дамуымен айқын сипатталады. Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінде Ғаламторды тұрақты пайдаланатындардың саны 8,9 млн. адамнан асып жығылады", - деді ол.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Ғаламторды тұрақты пайдаланатын қазақстандықтардың саны 8,9 миллионнан асып жығылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада өткен "Илеуметтік қауіпсіздік және БАҚ" тақырыбындағы семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.

"Бүгінде Қазақстанда ашық ақпараттық қоғам қалыптастыру белсенді жүруде. Бұл үдерістің қарқындылығы әсіресе ғаламтордың жылдам дамуымен айқын сипатталады. Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінде Ғаламторды тұрақты пайдаланатындардың саны 8,9 млн. адамнан асып жығылады", - деді ол.

Оның пайымынша, ғаламтор ресурстарды қоса алғандағы қазіргі заманғы БАҚ қоғамдық ой-пікір қалыптастыруда зор мүмкіншілікке ие.

"Біздің азаматтардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратқа барынша сенеді. Сонымен бірге қорқынышты әрі тосыннан жазған сайын сенімдері арта түседі. Бұл адамзат табиғатының ерекшелігі", - деді Д.Мыңбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны