06.01.2010, 14:00 11790

Ғалымдар әжімді жоятын дәрі ойлап тапты

Ғалымдар әжімді жоятын дәрі ойлап тапты

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Ғалымдар әжімді жоятын дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today FashionTime.ru интернет-журналына сілтеме жасап.

Журналдың ақпаратына сәйкес, L'Oreal Paris әр бұйымдарын жасау зертханасының ғалымдары желтоқсан айының аяғында сенсациялық мәлімдеме жасап, әжімді жоятын бұрын -соңды болмаған дәрі ойлап тапқанын жариялады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемдік екі жетекші компания - L'Oreal мен Nestle қолға алған жоба сөйтіп сәтті аяқталды.

Ғалымдардың хабарлауынша, Inneov Fermete атауына ие болған кішкентай қызыл дәрі ағзаны арнайы антиоксиданттармен және қызанақта болатын ликопин атты элементпен қоректендіру арқылы адамның денесі мен бетінде әжім түзілумен белсенді күреседі. Оны күнделікті қабылдаған жағдайда адамның бетінде әжім пайда болу қаупі анағұрлым азаяды.

Еуропа мен Оңтүстік Америкада сатылып жатқан дәрі 45 пен 51 жас аралығындағы әйелдердің екі тобында зерттеуден өткізілді. Алты айға созылған зерттеулерден кейін олардың бет терісі біршама жасарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны